$ 496  588.01  6.42

"Томирис" фильмінің жоғалып кеткен продюсері табылды

"Томирис" тарихи фильмінің продюсері Анна Чакиртованы Алматы полицейлері тапты деп жазады Тengrinews.kz.

"Анна бізге байланысқа өзі шықты. Ол осы уақыт ішінде саяжайда болған. Аман-есен, денсаулығы да жақсы. Іздестіру жұмысы тоқтатылды", - деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Әйелдің үйінен не себептен кетуі әзірге белгісіз.

Айта кетсек, Анна Чакирова 2 шілде күні сағат 21.20 шамасында үйінен шығып кеткен. Содан кейін оны таныстары да, көршілері де көрмепті. Күйеуінің айтуынша, әйелі осы уақытқа дейін бұлай із-түссіз жоғалмаған.

Ал жақын құрбысы Аннаның үйінен кетіп қалуының себебін, оның соңғы уақытта жүйкесінің шаршап жүргенімен байланыстырған болатын. Ол түсіріп жатқан "Томирис" фильмін қатты уайымдап жүр екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0