Атырауда 21 жастағы жігіт суға батып кетті деп жазады ҚазАқпарат.
"Қайғылы оқиға облыс орталығындағы жағажайда болған. Жағажайда барлық ескерту белгілері орнатылған, айналасы қоршалған. Соған қарамастан жас жігіт ағысы қатты суға секірген. 25 минуттан кейін оның мәйіті табылған», - деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Атырау облысында жыл басынан бері 13 адам суға батып кеткен, оның көпшілігі - балалар. Рұқсат етілмеген орындарда шомылудың арты осылай жазатайым оқиғаға ұласып жатады.