$ 448.56  478.03  4.79

Сарыағашта 4 үй және автокөлік өртеніп кеткен: Үш жасар сәби көз жұмды

Сарыағаш ауданындағы ауылдардың бірінде төрт үй мен автокөлік өртеніп кетті. Жанған көліктің ішінде 3 жасар сәби болған деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

"6 шілде күні департаментке Сарыағаш ауданындағы Жемісті ауылдық округінде Әуезов көшесінде орналасқан 4 үйді өрт шарпыды делінген хабарлама келіп түсті. Үйлердің бірінде тұрған "ВАЗ 2106" маркалы автокөлік жанған. Көліктің ішінен 2015 жылы туған сәбидің денесі табылды. Баланың неден көз жұмғаны анықталып жатыр", - деді ТЖД баспасөзі.

Хабарламада өрттің 536 шаршы метр аумақты қамтығаны айтылды. 3 үй түгелімен өртке оранған. Ал төртінші үйдің жалын шатырын ғана шарпып үлгерген.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 17 адам мен 3 техника және Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары