$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында үйде босанған әйелдің сәбиі көз жұмды

34 жастағы әйел сәбиін өлі туды. Ол аяғы ауырлар тізіміне алынбаған деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға Таран ауданында болған. 34 жастағы әйел медициналық көмексіз сәбиін өзі туған. Алайда, шарананы құтқарып қала алмаған. Ведомствода мәлім етілгендей, сот-медициналық сараптамасы сәбидің өлі туғанын анықтады.

Ол жергілікті аудандағы аяғы ауырлар тізіміне алынбаған. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары