$ 494.87  520.65  4.91

Тәжік әжей қажылыққа деп жинаған ақшасына көпір салып берді

Тәжікстанның солтүстігінде зейнеткер әйел қажылыққа барам деп жиған бүкіл ақшасына автокөлік көпірін салып берді деп жазады Sputnik порталы республиканың жастар ісі жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.

Қария қажылық сапарына деп ұзақ жылдар бойы ақша жинаған екен. Биыл Меккеге бармақ та болып шешіпті. Алайда, соңғы сәтте ол жиған қаражатын көпір салуға жұмсап жіберген.

Көпірдің салтанатты ашылу рәсімі 5 шілде күні Соғды облысы Деваштич ауданы Вахдат ауылдық жамағатына қарасты Метки кишлагында өтті. Нысан бастан-аяқ 78 жастағы зейнеткер Махтоба Фозилованың қаражатына салынған. Көпір жергілікті кишлак тұрғындарының өмірін әлдеқайда жеңілдетіпті. Олар аудан орталығы мен өзге елдімекендерге бару үшін бұған дейін қиындық көріп келген.

Айта кету керек, Тәжікстанда қажылыққа бару үшін 4 мың АҚШ доллары қажет. Бұл ақша ішінде Сауд Арабиясына барып-келетін ұшақ билеті, барғаннан кейін жататын орны мен тамағы кіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары