$ 496  588.01  6.42

Қырғызстандық әйел ұшақтың бортында босанып қалды

Қырғызстандық әйел ұшақтың бортында ұл баланы өмірге әкелді. Бұл туралы «Манас» әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды «Кабар» агенттігі.

Оның дерегі бойынша, 7 шілдеде «Уральские авиалиний» әуе компаниясының ұшағы «Ош - Екатеринбург» бағыты бойынша рейс жасаған.

«Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін жолаушылардың бірінің толғағы басталды. Бортсеріктер бригадасы шұғыл әрекет етіп, әйелді әуе кемесінде босандырып алды. Бәрі сәтті өтті», - делінген хабарламада.

Ұшақтың экипажы Ошқа қайта оралғаны аталып өтілген. «Ош» әуежайында жаңа босанған әйел мен сәбиді жедел жәрдем күтіп алып, оларды перзентханаға жеткізген.

Дерекөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0