Қырғызстан вице премьер-министрі Абдырахман Маматалиев бүгін Бішкекте өткен аптадағы арнайы операцияда мерт болған халықаралық экстремистік топ мүшелері делінген күдіктілердің денелері туыстарына берілмейтінін мәлімдеді, - деп жазады azattyq.org
Оның сөзінше, дүниежүзілік тәжірибе бойынша да мұндай операцияда көзі жойылғандардың денелері туыстарына берілмейді.
Шілденің 16-сы күні Бішкектің орталығында және ГЭС-5 ауданында өткен арнайы операцияда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына мүше деген күдікті алты содырдың көзі жойылып, жетеуі ұсталған. Қырғыз арнайы қызметінің мәліметінше, мерт болғандар арасында Бішкек түрмесінен қашқан Қазақстан азаматы Жанболат Әміров те болған және ол күдікті топқа жетекшілік еткен.
Операциядан соң өлген күдікті содырлардың туыстары мемлекеттік органдарға олардың сүйегін беруді сұрап, қайырылған.