Петропавл қаласының полицейлері іздеуде жүрген 7 адамды үй-жайы жоқ қаңғыбастар арасынан тапты деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.
Тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтар арасында рейд жұмыстарын жүргізу қылмысты алдын алуға бағытталған негізгі шаралардың бірі. Полиция өкілдері түрлі себептермен қаңғыбасқа айналған тұрғындарды тексеріп, олардың саусақ іздерін алып, қажет жағдайда медициналық көмек те көрсетеді.
Әрбір рейд біткеннен кейін бомждар туралы алынған мәліметтер арнайы базаға жинақталып отырады. Осы базаның көмегімен СҚО полицейлері 178 қылмыстың бетін ашып, іздеуде жүрген 7 азаматты тапқан. Олардың 4-і із-түссіз жоғалғандар болса, 3-і қылмыскерлер.
Петропавл қалалық ІІБ өкілі Әділ Қайредденовтың айтуынша, жыл басынан бері полиция бөлімшелеріне 5064 мекен-жайы жоқ адам әкелінген. Олардың 167-сі сот шешімімен жазаға тартылған. Аты-жөндерін базаға енгізу барысында бұрын сотталған 23 адам анықталып, тағы 37 адамның аты-жөнін өзгертіп алғаны белгілі болды.
Baq.kz