$ 444.22  476.38  4.82

Велосипедпен саяхатқа шыққан еуропалық зейнеткерлер Астанаға жетті

Еуропаның егде адамдары велосипедпен 10 мың шақырымды жүріп өтпекші деп жазады 24.kz.

Осы мақсатта олар шілденің басында Санкт-Петербург қаласынан шыққан болатын. Бүгін Астанаға келіп жетті. Арнайы топ 22 адамнан тұрады және олардың арасындағы ең жасы 57-де екен. Басым бөлігі – Швейцария, Германия және Австрия азаматтары. «Түпкі мақсатымыз – Владивостоккқа жету», – дейді. Ол үшін Қазақстанның Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстырын басып өтеді. Жолдың жалпы ұзындығы 10 мың шақырымды құрайды және оны бағындыру үшін күніне 150 шақырымнан 3 ай бойы тоқтаусыз жүріп отырады.

"Менің жасым 75-те. Соған қарамастан, велосипиедке отырып, сапарға шықтым. Өйткені Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерінде бұрын болмап едім. Енді соның сәті түсіп тұр. Қазақ даласы өзінің кеңдігімен және сұлулығымен таңқалдырды", - дейді әуесқой велошабандоз Вальтер Глацман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары