$ 451.03  487.47  4.94

Түркия Twitter-ді бұғаулап тастады

Түркиядағы бірнеше интернет-провайдерлер сот шешімі бойынша Twitter-ді бұғаулап тастады. Бұған Сириямен шекарада болған теракт орнынан жарияланған видео және фотоматериалдар себеп болды деп жазады ВВС орыс қызметі.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, тыйым салынған ақпараттар өшірілгеннен кейін ғана сервис қолжетімді болады.

Еске салайық, тұрғындарының көпшілігі күрдтер болатын түркиялық Суруч қаласында дүйсенбіде жарылыс орын алды. Жергілікті Амар мәдени орталығындағы терактіден 32 адам қайтыс болды.  Сәрсенбі күні жарылыс жасаушы 20 жасар жергілікті студент екендігі анықталды.

Түркия билігі аймақтағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, оқиғаның экстремистік ұйымдардың әрекетіне қаншалықты қатысы бар екендігін анықтап жатыр.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Түркия #Twitter