Бүгін сағат 15:38-де өрт сөндіру қызметіне Астана қаласы Есіл ауданы Сығанақ көшесі, 5 мекен-жайындағы «Семь бочек» тұрғын үйі отқа оранғаны туралы хабар келіп түсті. Бұл туралы Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт сағат 16.30-да өшірілді. №5 үйдің 12-ші қабатынан 15-қабатына дейінгі аралықта үйдің сыртқы қаптамасы өртенгені анықталды.
Оған 6 техника мен жеке құрамның 29 адамы тартылды.
Қазір өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс атқарып жатыр. Жапа шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.