$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте сыра зауытынан өрт шықты

Бүгін Шымкенттегі сыра зауытынан да өрт шықты. Жалын зауыттың ескі ағаштар тұрған қоймасында тұтанған деп хабарлайды Shymkenttv.kz

Төтенше жағдай қызметкерлерінің мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға 56 өрт сөндіруші мен 9 техника жұмылдырылған. «Шымкент сыра» зауытының ұжымы түскі 14.35-тер шамасында әбігер болған.  Небары жарты сағатта 5 шаршы метр аумақтағы ағаштар өртенген. Май сақталған 5 ыдыс өрттің өршуіне себепкер болған. Тілсіз жаудан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары