Ақтөбедегі өртеніп жатқан орталық базардың видеосы Instagram-парақшасында aktobe_zello тобында жарияланды.
Видео авторы өртеніп жатқан мекеменің базар әкімшілігіне тиесілі екенін жазған. Өрт сөндірушілер техникасы жұмылдырылған. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Зардап шеккендер жайлы да ақпарат жоқ.