Атырауда кәмелеттік жасқа толмаған қызын соққыға жыққаны үшін ер адам жеті тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды қаланың мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, ер адам мас күйінде үйінде жанжал шығарып, жасөспірім қызының басынан гитарамен ұрған, сөйтіп, қасақана денсаулығына жеңіл-желпі зақым келтірді.
Сот қаулысы бойынша ер адам айыпты деп танылып, жаза ретінде жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Дереккөз: Sputniknews.kz