$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда автобустан түскен қызды автокөлік қағып кетті

Автобус жолаушысы көлік астына түсті деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Оқиға Момышұлы көшесінде, Жұбанов көшесіне жетпей болған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, 31-ші бағдарлы автобус Момышұлы көшесімен сол жақтағы шеткі жолақта оңтүстік бағытта кетіп бара жатады. Жұбанов көшесіне жетпей, жүргізуші қызылға тоқтап, жолаушыларды рұқсат етілмеген жерден түсірмек болған.

Сол кезде алдыңғы есіктен қыз түседі. Өтіп бара жатқан "Лада Ларгус" жүргізушісі тоқтап үлгермей, қатты жылдамдықпен қызды қағып кеткен. Әртүрлі жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары