$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да тұрғын үй өртеніп, ер адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрттен бір адам мерт болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 6 шілдеде түнгі сағат 01.00-де Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылында орын алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 1961 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. 1991 жылы туған ер адам газбен уланған. Ол ес-түссіз күйінде Зеленов аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

 «Ер адам дәрігерлердің дер кезінде көрсеткен көмегі арқасында аман қалды. Қазір жағдайы жақсарды, үйге шығаруға дайындап жатыр», - деді  А.Сақпосынова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары