Маңғыстауда ер адам туған анасын ұрып өлтіріп қойды деп жазады Tumba.kz.
Қылмыстық оқиға Бейнеу ауданында болған. 77 жастағы қарт кісінің өлі денесін үйден жақындары тауып алыпты.
Медициналық сараптама марқұмның соққыға жығылғанын дәлелдеп берген. Күдікті ретін қазір қарттың ұлы қамауға алынып отыр. Олар бір-бірімен келісе алмай, жанжалдасқан боп шықты.