$ 494.87  520.65  4.91

Басында орамалы жоқ келіннің бетін ашқан той иелері жұртты шошытты (ВИДЕО)

Орамалсыз өткен беташар көптің ашуын тудырды. Инстаграм әлеуметтік желісінде «Осындай да беташар болады екен-ау» деген жазбамен төмендегідей видео тарады.

Видеодан тойдағы жас келінмен, оның жанындағы әулеттің екі келіні де орамал тақпағанын көруге болады. Мұны көрген желі қолданушылары бұл дәстүрді бұзу екенін айтып, беташардың бұлай өтпегені дұрыс дегенді алға тартты.

Бірі «беташарда Орамал болу керек қой, бетін жауып тұратын. Бір Қазақстанда тұрып әр жақ өз ойларына келгендерін жасап жатыр. Бір салтты ұстау керек қой» десе, келесі «Бұл қай елдің салты? Қазақта жоқ! Ойланыңдар ағайын, жартылай жалаңаш басы жалаңбас келіннің бетін ашып мəз болып тұрғандарыңызға жол болсын сабау қайда, орамал қайда» деп ашыныпты.

Желі оқырмандарының сөзіне сенсек, бұл солтүстік аймақтағы беташар болуы мүмкін…

Осы тұста оқырмандарға пайдалы болсын деген ниетпен беташар дәстүрі туралы ақпарат бере кетуді жөн санап отырмыз.

Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасайтын салттарының бірі. Ол әдетте тойға жиналған халық қайтатын кезде, келінге елді таныстыру үшін өткізілген. Оған дейін шымылдықтың ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, бір ұшына теңге байлаған. Теңгенің түйілген тұсын домбыраның не, оқтаудың басына байлап жырау беташар жырын бастайтын болған. Ол жырау шаңыраққа жаңа түскен келінге отбасын, әулетін таныстыруға міндетті болған. Ал келіннің екі жағына отбасына ең жақын, үлгілі келіндері тұрған. Олардың жесір, не жеңілтек болмауына қатаң мән берілген.

Дереккөз: Jasqazaq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары