$ 442.05  474.14  4.74

Өскеменде алаяқтарға алданған әйел 145 мың теңгесінен айрылып қалды

Өскемен қаласының тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды деп жазады Алтайньюс.

Алаңғасар әйел әлеуметтік желіден спорттық сайыстарға жасалған болжамдар сатылады деген хабарландыру тауып алған көрінеді. Енді ол әлдебір «айтқаны айдай келетін маманнның» сөзіне сенемін деп, сан соғып отыр.

«Жапа шегуші хабарландыру берген алаяқтарға терминал арқылы 145 мың теңге аударған. Қазір полиция алаяқтыққа қатысты іс қозғап, жедел іздестіру шараларын жүргізу үстінде»,- деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Құқық қорғаушылар ШҚО тұрғындарына желілердегі  хабарландыруларға қырағы болуыларын өтініп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары