Алматы облысының Қапшағай қаласында екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, ажал құшты деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл жөнінде «Қапшагай - Мой» қалалық анықтамалық қосымшасының өкілі Юлия Трофимова хабарлады.
«Қайғылы оқиға 5-шағын ауданда болған. 2016 жылы туған Никита есімді бүлдіршін бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен москит торымен қоса құлап түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келіп, баланы дереу ауруханаға жеткізді. Өкінішке қарай, сәби жансақтау бөлімінде көз жұмды», - деді Ю. Трофимова.