ҚР ІІМ ТЖ комитетінің хабарлауынша Алматыдағы тасқын жүрген аймаққа 1196 адам, 160 бірлік техника, 3 тікұшқ жұмылдырылды.
Абырой болғанда «Безымянное» мұздақ көлінен төмен 3 шақырымда орналасқан Қарғалы өзенінің арнасында селден қорғау бөгеті шамамен 20-30 мың м³ су-тас-батпақ аралас селді ұстап қалған. Мамандар Қарғалы өзені бойындағы қауіпті аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланған.
Ресми мәліметтер бойынша, Алматы қаласының үш ауданы аумағын қамтыған тасқыннан әсіресе былтыр күзде жаңадан құрылған Наурызбай ауданы көбірек зардап шеккен. Адам қазасы туралы ақпарат түспеген.
Әзірге белгілісі Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы селден алты адам медициналық көмекке жүгінгенін, үш адам ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Олардың жағдайы туралы нақты айтылмаған