$ 494.87  520.65  4.91

Есімов: Селден талапқа сай келмейтін үйлер зардап шекті

Алматы қаласының әкімі шаһарда төтенше жағдай жариялады. Соңғы ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендерге өтемақы төлеу үшін қала бюджетінен 2 млрд теңге бөлініп отыр, деп жазады 24.kz

Қазір оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

“Негізінен құрылыс талабына сай келмейтін үйлер зардап шекті. Наурызбай ауданынан 228 адам, ал Алатау ауданынан 270 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Арнайы мамандар шығын көлемін есептеп, анықтайтын болады. Жалпы қорда 679 млн теңге бар болатын. Бүгін мәслихат отырысында бұл соманы 2 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Бірақ бұл қаражат толығымен зардап шеккендердің барлығына жұмсалады деген сөз емес. Өйткені үй мен көліктер мүлік ретінде сақтандырылуы тиіс еді. Қабылданған нормативтік актіге сай бұл жағдайдың барлығы ескеріледі. Ал мал-мүлікке келсек, шығын есептеледі”, – дейді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары