23.07.2015, 12:19

ОҚО-нан мемлекеттік бюджетке 95,7млрд теңге кіріс түсті

Сурет, orenburg.bezformata.ru

Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік бюджетке ағымдағы жылдың 1 шілдесіне түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 95,7 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы хабарлады Bnews.kz сілтеме жасап.

  Республикалық бюджетке 49,4 млрд теңге, жергілікті бюджетке 46,3 млрд теңге түскен. 1 маусымға дейін екінші деңгейлі банктер 80,9 млрд теңге көлемінде несие берді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 15,8% кеміп отыр.

 Ал, аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1573 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады. Алты айда 2102 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2147 адамға кем.

18 жасқа дейінгі 298,6 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе  44,3 мың балаға артты. Тұрғын үй көмегі 6121 отбасыға көрсетілді, немесе 79 отбасыға артты. Сондай-ақ статистакалық дерек бойынша, облыс халқының саны 2808,3 мың адамды құрады. Оның 1258,7 мыңы қала халқы(44,8%), 1549,6 мыңы – ауыл халқы (55,2%), деп ақпарат таратты ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.