Ақтөбедегі саяжайлардың бірінен басы жоқ әйел адамның мәйіті табылды. Өлі денені жергілікті тұрғын өзінің бақшасынан тауып алыпты деп жазады Аktobetimes.kz.
«Мәйіттің кім екені әзірге анықталмады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Басқа қандай да бір мәлімет бере алмаймыз», – деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.
6 шілде күні әйел саяжайдағы бақшасына қарақат теруге келіпті. Алайда, адамшошырлық көріністің куәсі болған. Ол шұғыл түрде полиция қызметкерлеріне хабар беріпті.
Тексеру кезінде мәйіттің жанынан бірнеше шұлық, қыстық бәтеңке және күртеше, қызыл спорттық киім, тоқылған бас киім, сондай-ақ, қалтасынан 10 мың теңге табылған.