Шымкентте айып тұрағына қойылған 45 автомашина өртеніп кетті деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«15 шілдеде 01.14-те автомобильдерге арналған айып тұрағы аумағында «КамАЗ» көлігі өртеніп, салдарынан жалын маңындағы өзге жеңіл машиналарды және оған жақын орналасқан жиһаз чехын шарпыған. Өрт 02. 13-те ауыздықталып, 03.05-те толықтай сөндірілді»,-делінген хабарламада.
Өрт салдарынан 35 автомобиль жанып кетті. Ешкім зардап шекпеген. Тілсіз жауды ауыздықтауға 76 өрт сөндіру және 17 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат