24.07.2015, 04:24

Ақтөбеде зейнеткерлер өздеріне қол жұмсады

сурет, alau.kz

Ақтөбеде 77 жастағы кейуана мен оның 83 жастағы күйеуі өздеріне қол салған. Олар мұндай қадамға не себепті барғандары туралы хат жазып қалдырған деп хабарлайды  aktobetimes.kz

Оқиға 19 шілде күні Ақтөбенің Киреев көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған. Кейуананы балтамен өлтірген, ал қария ішінен пышақ жарақатын алғаннан көз жұмған.

Зейнеткерлердің денесін ата-анасының жағдайын білуге келген қызы тапқан. Ол бірден полицияға хабар берген. Белгілі болғандай, 77 жастағы әйел Паркинсон сырқатымен қатты ауырып жүрген. Зейнеткер төсек тартып жатқан екен.

Ерлі-зайыптылар бірігіп о дүниеге аттануға шешім қабылдаған болуы керек. Мұндай болжам жасауға пәтерде табылған хат себеп болды. Онда «Тіршілік ете алмадық.Кешіріңдер. Қош болыңдар» деген сөйлем ғана жазылған.