Жаңалықтар 24.07.2015 сағат 06:03

Журналистер арасында «Аңсар» республикалық байқауы жарияланды

Конкурс келесі аталымдар бойынша өткізіледі: «2015 жылдың үздік жас прозашысы», «2015 жылдың үздік жас ақыны», «2015 жылдың үздік жас тележурналисі».

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Инновациялық даму» ҚБ журналистер клубының қамқорлыққа алумен ҚР Білім және ғылым министірлігінің қолдауымен жас жазушылар, журналистика факультетінің студенттері және қазіргі таңда жұмыс атқарып жүрген журналистер арасында «Аңсар» атты республикалық әдеби байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты - қазіргі қазақ әдебиетін, отандық журналистика және басылымдарды дәріптеу, жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және қолдау. Байқауға журналистикаға, поэзияға қызығушылығы бар, прозалық шығармалар жазатын 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Конкурс келесі аталымдар бойынша өткізіледі: «2015 жылдың үздік жас прозашысы», «2015 жылдың үздік жас ақыны», «2015 жылдың үздік жас тележурналисі». Байқау жұмысын қазақ және орыс тілдерінде жазуға болады. Бір автор бірнеше жұмысын жібере алады. Оларды konkurs_ansar2015@mail.ru электрондық мекенжайына жіберу керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар