$ 445.66  474.58  4.78

Астана әуежайы түнгі рейстерді қабылдамайды

«19-25 тамыз аралығында елорданың әуе айлағы 23.00-ден 03.00-ге дейін әуе кемелерін қабылдау және жөнелтуді тоқтатады. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлайды.

«Шектеулердің себебі – ұшу-қону жолағында жарықпен ескерту шамдарына жөндеу жүргізу», – делінген хабарда.

Сондай-ақ жөндеуге байланысты көрсетілген уақытта Астана әуежайына және одан жүйелі рейстер жасайтын әуе тасымалдаушылардың ұшу кестесіне осының өзінде өзгерістер енгізіп жатқаны айтылады.

Қазіргі таңда Астана әуежайында жолаушылар терминалын қалпына келтіру жүріп жатыр, ол 2017 жылдың мамырында аяқталады.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары