17.07.2018, 03:23

Семейде автобус жүргізушісі 6 жасар баланы басып кетті

Қалалық ішкі істер басқармасының өкілдері жол-көлік оқиғасының «Мұрат» саяжайлар аумағы ауданында сағат 17-00-дер кезінде болғандығын хабарлады деп жазады 24.kz.

30 жастағы автобус жүргізушісі қаладан соңғы аялдамаға жете бергенде 2012 жылы туған сәбиді басып кетті. Сәби алған жарақаттарынан медициналық мекемеде қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалып, болған оқиғаның себеп-салдары нақтылануда. Медициналық тексеру жүргізушінің оқиға болған сәтте спиртті ішімдіктен таза болғандығын көрсетті.