Алматыда 5 жасар баланы көлік қағып кетті. Қазір сәбидің ата-анасы оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр. Instagram әлеуметтік желісінде әл-Фараби даңғылында болған жол апаты туралы жазылды.
Брянская көшесінің қиылысында 5 жастағы баланы белгісіз көлік қағып кеткен. Салдарынан сәбидің бас сүйегінің жарты бөлігі зақымданған.
«Біз тасжолдан 100 метр жерде тұрамыз. Мен үйден жұмысқа шыққанмын. Көлікке отырып, артыма қарамастан жүріп кеттім. Балалар аулада ойнап жүрген. Кіші ұлым артымнан жүгіріп шыққан болуы керек. Оның көлік астына қалай түсіп қалғанын білмеймін. Баланың жоқтығын білген соң үйдегілер түгел іздеп шыққан. Бізден сәл жоғары тұратын таныстарымыз видеожазбаны көрсетті. Онда басы қан-жоса болып жатқан баламды таныдым. Көршілер оны ағаштың түбінен тауып алған. 5 жастағы бала ағаш түбіне өздігінен барып отырмайтын шығар?!», - деді зардап шеккен баланың әкесі Мұрат.
Қазір бала қаладағы ауруханалардың бірінде жатыр. Балаға хирургтер ота жасап жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы жақсаратынына үмітті. Қазір полиция қызметкерлері баланы соққан көлікті видеотіркегіштер арқылы іздестіріп жатыр. Айта кетейік, әлеуметтік желіде пікір жазып жатқандар баланы көршісі қағып кеткенін айтуда. Полиция бұл нұсқаны да тексеруде.
Дереккөз: ҚазАқпарат