$ 448.89  477.93  4.76

Астанадағы «Узбечка» мейрамханасынан өрт шықты

Елорданың Есіл ауданында орналасқан «Узбечка» мейрамханасынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа хабарлайды.

«Сағат 13:38 шамасында Есіл ауданы Ә.Бөкейханов даңғылының бойындағы «Қыз Жібек» тұрғын үй кешенінде орналасқан бірінші қабаттағы «Узбечка» мейрамханасында сорғы мұржадан өрт шыққан. Өрттің салдарынан 2-3 және 8-10 қабат деңгейіндегі сыртқы қабырғаның жылытқыштары өртенген. От 45 шаршы метр аумақты қамтып, артынша сорғы мұржаның құлағаны анықталып отыр», - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру жұмыстары сағат 13:57 кезінде басталып, сағат 14:34-ке дейін тілсіз жау толық ауыздықталған. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілмеген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары