Тайынша қаласының құқарушылары трактордың кабинасында бетонды тақталарға қысылып қалған жүргізушіні алып шықты деп жазады ҚазАқпарат.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қансыраған 60 жастағы ер адамды аман алып қалу үшін құтқарушылардың санаулы ғана минуттары болған.
«Жұмыс істеу кезінде астық қоймасы жабынының бетон тірегі құлап, тиегіштің кабинасына екі темір-бетон плитасы құлаған. Беті мен денесі қатты жарақаттанған жүргізуші шатыр мен бағананың арасына қысылып қалған. Мұндай жағдайда жылдам әрекет еткен абзал», - деді баспасөз қызметіндегілер.