$ 444.32  473.33  4.76

Оралдық құтқарушылар он жасар баланы судан аман алып қалды

Оралдық құтқарушылар он жасар баланы судан аман алып қалды деп жазады 24.kz.

Оқиға қалалық мәдениет және демалыс саябағында болды.

Саябақтағы құтқару бекетінде кезекшілікте жүрген бас құтқарушы Алексей Алексеев пен Есболат Қоныспаев жаттығу кезінде байдаркадан аударылып қалған он жасар баланы құтқарды. Баланың қайыққа қайта міне алмай жатқанын көрген құтқарушылар тез жетіп, оны шығарып алды. Құтқарушылар шошып қалған баланы жағаға жеткізіп, қайықпен жүзген кезде қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін айтты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда суға батып бара жатқан ер адамның құтқарылғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары