Атырауда «Ақ Жайық» табиғи резерваты өртеніп жатыр деп жазады Stan.kz.
Өрт 16 шілдеде басталды. Жалынды ауыздықтау мүмкін болмай жатыр. Мамандар бұған техникалық құралдың жоқтығы себеп екенін айтты. Тұрғындар өрттің иісін сезіп жатыр.
Өртті 50 адам сөндірді. 17 шілде күні Ми-8 тікұшағы жұмылдырылып, 70 тонна су шашты. Бір күні ішінде 18 гектар жер өртенді. Өрт әлі де жалғасуда.