$ 494.87  520.65  4.91

«Қазпошта» АҚ толықтай цифрландырылуда

«Қазпоштаның» алдағы стратегиялық мақсаты түгелдей цифрлы бағдарламаға өту. Бұл жөнінде «Қазпошта» АҚ бизнес департаментінің директоры Бекенов Қайрат Балапанұлы хабарлады.

Технология күннен күнге дамып, нарық талабы күшейіп, бәсекелестік артқан сайын, пошта өз тұтынушыларына қолайлы жағдай жасап жаңашаландыруда. Цифрландыру бағдарламасы аясында Қазпоштаға біршама өзгерістер енгізілді.

«Ең алғашқы цифрландыруға аяқ басқанда қолға алған жобаларымыздың бірі поштаматтар мен посылка супермаркеттері болатын. Бұл әлем елдерінде қолданылмаған алғаш біздің тәжірибемізден өткен жобалардың бірі», - деді Қ. Бекенов.

Сондай-ақ, қазірде Қазпоштаның қызметінде 2 қызмет көрсету арналары бар. Олар қалалық және ауылдық бөлімшелері оффлайн арналар болып табылса, онлайн арнасы – Post.kz  порталы.

«Цифрландыру аясындағы үлкен жобамыздың бірі Post.kz порталы десек қателеспейміз. Бұл қаржы және пошта қызметтерінің онлайн порталы болып табылады. Порталға интернет арқылы компьютерден немесе мобильді қосымша арқылы кіруге болады. Ол жерде хаттар, сәлемдемелер жіберу, төлемдер және аударымдар, басқа да сервистер көрсетіледі. Ең тиімдісі, бөлімшеге бармай-ақ порталға қосылу арқылы пошта тұтынушыларына қызмет көрсетіледі», - деді бизнес департаментінің директоры.

Post.kz порталы арқылы кәдімгі хаттарды электронды жіберуге болады.

«Ең басты ерекшелік порталда хаттарды жөнелтудің электронды нұсқасы жұмыс жасайды. Яғни, гибридті электронды пошта. Ол жерде поштаға хат электронды нұсқада жіберіледі, яғни клиент бізге word немесе PDF форматында жолдайды, өзінің жеке мәліметтері жазылған жолдарды толтырып хатты электронды жолдайды, әрі қарай хат біздің базаға келіп түседі, базадан белгілі жауапты қызметкеркерлер өңдеп болғаннан соң, хат күйінде басып шығарып, керекті жерге жеткізіледі. Бұл алыс аймақтарға шұғыл хаттар жолдағанда өте тиімді», - деп атап өтті ол.

Айта кетелік, порталда бұдан бөлек жаңадан қосылған электронды конверт, басылымға онлайн жазылу, QR-код арқылы газеттерді жеткізуді бақылау қызметтері көрсетіледі.  Яғни, бұрынғы жүйе бойынша бөлімшеге келіп, конверт сатып алып, жеке мәліметтерді толтырып, байланыс операторы арқылы жөнелтуге түбіртек алатын және бұл хат Қазақстан бойынша 3-4 күнде жеткізілетін. Ал бұл мәселе қазір түбегейлі жеңілдітіліп, гибридтік электрондық пошта арқылы оңай әрі тез географиялық мекенжай бойынша электрондық хатты жөнелтуге болады,  ол басылып шығарылып, конвертпен  адресатқа жеткізіледі. Қазір дәл осы электронды нұсқа тиімділігін көрсетіп отыр, соның ықпалымен жай хаттардың саны ептеп азаюда, яғни бұл дегеніміз халық хат жолдаудың электронды нұсқасын көптеп пайдалануда.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары