Баян-Өлгей аймағында сел түсіп, қырықтан астам үй су астында қалған болатын. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, олардың саны артқан деп хабарлайды Алтайньюс.
Үш күн бойы толассыз жауған жауын салдарынан Моңғолияның батысындағы Баян-Өлгей аймағын су басқан еді. Алғашқы сел түн жарымында Бөкентау тауынан түскен. Ертеңінде түсе ауа қала көшелерімен тағы сел жүрген.
Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша қаланың 5 ауданында 275 отбасы су астында қалған. Бұл дәл қазіргі уақыттағы мәлімттер. «Сел түскен аумақта орналасқан 2, 3, 4, 11, 12, 13-аудандар тұрғындарының қаша-қорасы, құдығы, баспанасы су астында қалған. Сел зардаптарын жоюға Аймақтық ТЖД, Қарулы күштердің №340 бөлімі, Байланыс орны қызметкерлерінен құралған 124 адам және 24 техника жұмылдырылды» деген Аймақтық ТЖД-ның хабарламасы жетті.
Қазіргі уақытта 163 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 95 адам Өлгей қалалық №6 орта мектептің жатақханасына орналастырылды. Адам шығыны болмағанымен, тұрғындардың көбі селдің салдарынан материалдық шығынға белшеден батты.
Үш күн бойы толассыз жауған жауын салдарынан Моңғолияның батысындағы Баян-Өлгей аймағын су басқан еді. Алғашқы сел түн жарымында Бөкентау тауынан түскен. Ертеңінде түсе ауа қала көшелерімен тағы сел жүрген.
– Қазіргі жағдайда су тасқынының беті қайтты. Аймақ әкімі Ғылымқан Әлиұлы орынбасарларымен сел түскен аумақта жұмыс істеп жатыр. Қазір күн шықты, жаңбыр басылған. Енді тоқтау суларды сорғызу жұмыстарын қолға алдық, – деді Аймақтық құрылтай төрағасы Бауыржан Дәлелұлы.