Ақтау тұрғындары қалада жалаңаш қыздар қызмет көрсететін көлік жуу орталығының бар екенін айтып дабыл қақты. Сөздеріне дәлел ретінде олар көлік жуып жүрген сол қыздардың видеосын әлеуметтік желіге жүктеді.
Видеокадрлардан жартылай жалаңаштанған екі қыздың көлікті көпіршікпен жуып жатқанын анық аңғаруға болады. Ролик небәрі бірнеше секунд, кадр сыртындағы жігіт болса оқиғаның Ақтауда боп жатқанын айтады.
Желі қолданушылары болса мұны жарнамалық қадам деп отыр. Яғни, жаңа ашылған көлік жуу орталықтары клиент тарту үшін қыздарды уақытша жалдайтын көрінеді.