19.07.2018, 05:45

Астанада жуырда 4 бала суға батып кеткен жерде тағы бір жеткіншек ажал құшты

Астана іргесіндегі шағынаудандардың бірінде жеткіншек бала суға ағып кетті. Қайғылы оқиға осыдан бірнеше күн бұрын 4 бірдей баланың тұншығып қайтыс болған жерінде болған.

"Осыған дейін 4 бала суға ағып кеткен жерде болған. Баланың денесі бүгін таңғы 5-тер шамасында табылды. Ол 2004 жылы туған", - делінген Астана қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кету керек, жыл басынан бері дәл осы Пригородный деп аталатын тұрғынүй алабында 8 адам суға ағып кеткен. Олардың жетеуі кәмелет жасына толмаған кішкентай балалар. Ал, шомылу маусымы басталғалы Астананың өзінде 15 адам суға кетсе, олардың тоғызы кәмелетке толмағандар екен.