Алматыда Бөкейханов көшесінде жеңіл көліктің түгі қалмай жанып кетті деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Оқиға куәгерлері мен жүргізушінің айтуынша, Hyundai Sonata Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Рысқұлов көшесінен өте бергенде, газ балон құрылғысы орнатылған көліктен ақау шығады.
Жүргізуші көлікті тексеру үшін тоқтап, капотты ашқанда, жарылыс болған.
Көліктің түгі қалмай жанып кетті. Өртену аумағы 4 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші көліктен әрі секіріп үлгерген.
Жарылыстың бастапқы себебі – жанармай жүйесінің істен шығуы.
Дереккөз: Sputniknews.kz