Ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкері Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғынының сиырын ұрлап кеткен деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сиыр иесіне 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіріліп отыр. Күдіктінің бұрынғы полицей Мусин М. екені анықталды.
«Қылмыстық іс Қарқаралы ауданының ІІБ өндірісінде болды. Сиырдың Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылдық округінің тұрғынына тиесілі екені анықталды. Күдікті ұсталды, кінәсін толықтай мойындады», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Бірақ кейінірек, полицейлердің мәліметінше, ер адам сиырдың иесіне материалдық шығынды өтеп, екі тарап татуласып, қылмыстық іс жабылған.
Өңірлік ІІД баспасөз қызметінің өкілдері Мусиннің полицияда 1996-2011 жылдар аралығында жұмыс істегенін айтып өтті. «Алайда қылмыс кезінде Мусин М. полицияда қызмет еткен жоқ», - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.