$ 498.34  519.72  4.85

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктінің суреті жарияланды

Полиция Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктіні іздестіріп жатыр деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері екінші күдіктіні іздестіру жұмыстарына толықтай жеке құрам мен аумақтық Ішкі істер департаментінің күштерін жұмылдырды.

Адам өлтірді деген күдікпен Қызылорда облысының тумасы, 1994 жылы дүниеге келген Құдайбергенов Арман Бурибаевич (құжатында осылай көрсетілген) іздестіріліп жатыр.

Белгілері: бойы 165-170 сантиметр, арықтау келген. Үстінде қара жейде, сұр түсті джинс, қара түсті аяқкиім болған. Күннен қорғайтын көзілдірік киіп алған.

Ішкі істер министрілігінің өкілдері қандай да бір мәлімет білетіндерден Алматы қалалық ІІД-не хабарласуды сұрайды: 8 (7272) 54-40-42, 54-40-18, 54-41-00, 54-43-66 немесе 102.

Мұның алдында Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірінің ұсталып, өз қылмысын мойындағаны айтылған еді. Прокуратура мәліметінше, ұсталған бірінші күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кеше, дәрігерлер Денис Тенді неге аман алып қала алмағанын түсіндірген болатын. Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ержан Құттығожиннің айтуынша, Денис Тен ауруханаға сағат 15.23-те түсті.

"Барлық туысы мен жақынына көңіл айтамын. Кенеттен келген өлім болды. Клиникаға аса ауыр жағдайда түсті. Екі сағаттан аса уақыт бойы жүрегі мен өкпесіне жансақтау шаралары жүргізілді. Бірақ, амал не, қайтыс болды. Өмірлік маңызы бар органдарындағы жарақаттар таңып қайтыс болды", - деп түсіндірген еді дәрігер.

Ал бүгін, 20 шілдеде Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірі ұсталып, өз қылмысын мойындады. Алматы прокурорының мәліметінше, ұсталған күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары