Жаңақорған ауданына қарасты Шалқия ауылында жергілікті тұрғын 13 жасар қызды зорлап өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Қызылорда облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қазір 31 жастағы күдікті уақытша ұстау абақтысында. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Марқұм анасымен және әпкелерімен бірге 5 қабатты ескі үйлердің бірінде тұрған екен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қылмыс болар сәтте қыз үйде жалғыз болған. Қылмыскер осы сәтті пайдаланыпты. Ол алдымен жеткіншекті зорлап, артынша басынан кірпішпен ұрып өлтірген.
Күдіктіні полицейлер көп ұзамай қолға түсірді. Ол осы ауылда анасымен бірген тұрған екен, еш жерде жұмыс істемеген және ұрлық жасағаны үшін бұған дейін бір рет сотталған.