Денис Теннің өліміне себеп болған көлігінің айнасы қанша тұрады? Сарапшының айтуынша, мұндай көліктің айнасы нарықта 60 мың теңге шамасында тұрады.
«Сурет бойынша, Денисте Lexus GX 460 маркалы автокөлік екені есімде. Одан көліктің "айнасын" ұрлап әкеткен. Бірақ, бұл айнаның біреуінің құны 62 600 теңге. Бұл максималды бағасы. Екеуін қосқанда 125 200 теңге болады. Ал ең арзаны 56 мың теңге. Ал «шенеуіктерде» минималды 90 мың теңге. Егер ол шынайы болса әрине. Автоұрылар болса, ақша шығындағысы келмей ұрлау әдісіне кіріседі. Қарап отырсам, Денис Тенді 60 мың теңге үшін өлтірді», - деді Алматыдағы қосалқы бөлшектерінің бірінің қызметкері Азамат.
Сарапшы тағы Lexus пен Toyota-ның қосалқы бөлшектерін, әйнектерін жиі ұрлап кететінін айтты. Себебі, бұл автомобиль брендтері Қазақстанда, әсіресе, Алматыда бағаланады.
«Lexus пен Toyota автомобильдері үшін қосалқы бөлшектерге деген экономикалық сұраныс өте үлкен, сондықтан олар осыған байланысты ұрланған», - деді Азамат.
Ал ресми дилерлерде бұл көлік бөлшегі әлдеқайда қымбат тұрады.
Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.
Дереккөз: Tengrinews.kz