Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 80-қа жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Өрт «Жансая» шағын ауданындағы 9 қабатты жаңа тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен шықты.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға Көкшетау қалалық ТЖБ жеке құрамынан 18 қызметкер мен 4 арнайы техника тартылды. Оқиға орнынан 80-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды», - деп түсіндірді Р.Иманқұлов.
Өрт сөндірушілердің алдын ала мәліметі бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.
Дереккөз: ҚазАқпарат