Алматы облысындағы ең танымал аквапарктердің бірінде 5 жасар бала бассейндегі суға батып көз жұмды. Бұл туралы оқиғаға куә болғандар айтып жатыр.
Төтенше жағдайлар комитетіндегілер де болған жайтты растады. "Сағат 11:45-те Іле ауданындағы Байсерке ауылында орналасқан "Дос" демалыс аймағындағы бассейннен куәгерлер 2013 жылғы сәбиді тауып, оны сыртқа алып шыққан. Бала үлкендердің қарауынсыз қалып, бассейндегі суға тұншығып қалған", - деп мәлімдеді ТЖК-нің баспасөз қызметі.
ТЖК мамандарының айтуынша, бала судан шығарылғанда әлде де тірі болған. Алайда, ауруханаға жеткізілгеннен кейін жарты сағаттан кейін есін жимастан қайтыс болыпты.