$ 448.56  478.03  4.79

Ақтөбеде жағажайда жүрген балаларды топырақ басып қалды

Ақтөбе қаласында жағажайда демалып жатқан адамдарды топырақ үйіндісі басып қалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 шілде күні сағат 12.47-де Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе су қоймасының «Інжу» жекеменшік жағажайында демалушылардың үстіне жардан бөлінген топырақ массасы құлады. Оқиғаға куә болғандар 2017 және 2016 жылы туған екі қызды құтқарды. Олар жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар комитеті Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті», - деді Р.Иманқұлов.

Оқиға орнына сондай-ақ Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Шұғыл-құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары