$ 494.87  520.65  4.91

«Армандарымыз жүзеге аспады»: Димаш Дениске тағы бір жазба арнап жұртты жылатты

Денис Теннің қазасынан кейін Димаш Құдайбергеннің анасы «ұлымның досы» деп спортшының қапыда көз жұмғанына сенбейтінін жазған еді. Ізін шала Димаш та Денисті жоқтап, досының отбасына көңіл айтқан. Бұл жолы өнер иесі екеуінің орындалмай кеткен армандары жайлы сөз қозғады.

«Алтын бауырым, көңілі жайсаң, жүрегі кең асыл досым... көзіңнің тірісінде елім үшін жасаған жақсылығыңа алғыс айтып үлгермеп едім... алдыңда 1000 мәрте басымды идім бауырым. Бір арнаға тоғысқан қанша мақсаттарымыз бен армандарымыз жүзеге аспай қалды... WhatsАpp-ты ашып, әлі де сенен хат келетіндей күтіп отырамын... Қош бол, ел үшін туған алтыным», - деп жазды әнші желідегі парақшасына.

Еске сала кетейік, Денис Тен 19 шілде күні Алматыда ұрылардың қолынан қаза тапқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары