Қостанайлық полицейлер 18 жастағы Дарья Махортованың өліміне күдіктінің фотороботын жариялады деп жазады Костанайские новости.
Алдын-ала ақпарат бойынша, күдікті шамамен 20-30 жас аралығында. Үстінде ақ жейде, торлы шорты киген.
Қыздың өліміне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, 20 шілде күні із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы қыздың денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылған еді.