$ 498.34  519.72  4.85

Халық министр Қасымовтың отставкаға кетуін талап етіп жатыр

Бүгін Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралған жиынның қорытындысы бойынша ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен Алматы қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың отставкаға кетуі талап етілді деп хабарлайды Sputniknews.kz.

«Қызметке сәйкестігі туралы мәселені қарау керек. Қала тұрғындары Алматы қаласы ІІД басшылығы мен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты отставкаға жіберу мәселесін көтеріп отыр», — деді отырыста Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов.

Бұл ұсынысқа бақылау органының басқа өкілдері де қолдау білдірді.

«2016 жылы 18 шілдеде Күлекбаев (Алматыдағы теракт үшін сотталған — Sputnik) бүкіл қаланы тік тұрғызса, екі жылдан кейін 2018 жылы 19 шілдеде қылмыскерлер бүкіл елді жылатты. Біз қандай қорытынды шығардық? Біз халықтан алшақтап кеттік… Жаңа келетін адам жұмысты дұрыс жолға қояды деген үміттеміз», — деді өз кезегінде қоғамдық кеңестің заңдылықты сақтау және құқықтық тәртіп комитетінің төрағасы Кәкімжан Бишманов.


Оның айтуынша, бұл салада жақсы мамандар мен жетекшілер бар.

«Қоғамдық комиссия құрсын, сосын біз кімді тағайындау қажет екенін шешеміз», — деді ол.

Айта кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мезгілсіз қазасынан кейін қоғамда министр Қасымовтың отставкаға кетуін талап еткендер көбейді.

Сонымен, биыл Қалмұханбет Қасымовтың Ішкі істер министрлігіндегі жылы орнын суытпай отырғанына – жетінші жыл. Қазақстан тәуелсіздік алған 27 жылдың ішінде ішкі істер министрі 8 рет ауысты. Осы ауыс-түйіс арасында ең көп қызметте болған – Қайырбек Сүлейменов (1995-2003 жж), одан кейін бүгінде елдің ішкі қауіпсіздігін күзетіп жүрген де –Қасымов.

Тәуелсіз Қазақстанның ішкі істер министрі болып Қалмұханбет Қасымов 2011 жылы Елбасының жарлығымен 11 сәуірде тағайындалған. 2015 жылы Қасымовқа полиция генерал-полковнигі атағы берілді.

Қасымов кім?

Қалмұханбет Қасымов – Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) заң факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде 61 жаста. Үш бала, жеті немере тәрбиелеп отыр.

Қасымов еңбек жолын тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы болып бастаған.

1992 жылы Алматы облыстық Ішкі істер басқармасы Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

1997 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаментінің бастығы болған. Бұл қызметте екі ай отырған Қасымов сол жылы Алматы қалалық Ішкі істер басқармасының бастығы қызметіне кіріскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары