Қостанайда Мәуленова-Л.Беда көшелерінің қиылысында жол апаты болып, оның салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты деп жазады alau.kz.
Жол апаты 22 шілде күні сағат 22.09-да болған.
«Мәуленова және Л.Беды көшелерінің қиылысында 31 жастағы «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бетте келе жатқан «Хонда» мотоциклімен соғылған. Жол апаты салдарынан 38 жастағы мотоцикл жүргізушісі бірнеше жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді. Алайда, ол жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды», – деді Қостанай қалалық ІІБ баспасөз қызметі.
Болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.